Екінші деңгейдегі банктердің және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілікті ұсыну тізбесі,
мерзімдері және тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 5 ақпандағы № 11 Қаулысы
(2009.24.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 ақпандағы № 11 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.20.07 № 82 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.24.08. № 84 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы өзгертілді
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.20.07 № 82 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.24.08. № 84 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңының 8-бабына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 9-бабына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 54-бабына, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 19-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.20.07 № 82 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)